Көктемгі егіс алқабы 160 мың гектарға ұлғайтылды

1503

Көктемгі егіс алқабы 160 мың гектарға ұлғайтылды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Жасұлан Әбдіхалықтың айтуынша, биыл көктемгі егіс жұмыстарына бөлінетін жанармай көлемі әзірге белгісіз. Себебі, әр облыс өздеріне қажетті жанармай көлемін көрсетіп, анықтама жібереді. Соған байланысты көктемгі егіс жұмыстарына бөлінетін жанармай көлемі мен оның бағасы белгіленбек.  

"Жалпы, биылғы көктемгі егіс жұмыстарына 21,8 млн гектар жер бөлінеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 166 мың гектарға көп",– деп атап өтті Жасұлан Әбдіхалық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу