Жалпы алғанда биыл 23,4 миллион гектар жерге, ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр.
Әсіресе бұршақты, жемшөп дақылдарын молынан сеуіп, қант қызылшасы, әлеуметтік маңызы бар күнбағыс, картоп және қарақұмық егіс алқаптарын ұлғайту көзделген.
Өңірлерде тұқым шаруашылығын дамыту үшін, 11,4 млрд теңге субсидия қарастырылған. Бүгінге дейін аймақтарға 284,4 мың тонна дизель жөнелтілді.
Шаруалар үшін, ол орташа нарықтық бағадан әлдеқайда арзан, яғни литрі 204 теңгеден сатылады. Жалпы көктемгі науқанды қаржыландыруға, бюджеттен 140 миллиард теңге бөлінген. Ол шамамен 2 миллион гектар алқаптың егінін жинауға жетеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу