Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Оның сөзінше, көктемгі егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізу мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қажетті ресурстармен қамтамасыз етіліп жатыр.
"Республикада бір мезгілде бірнеше технологиялық операцияларды орындайтын қазіргі заманғы егіс кешендерінің 4,9 мыңнан астам бірлігінің болуы дәнді дақылдар алаңдарының 70%-ын себуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған техникалардың дайындығы шамамен 95%-ды құрайды. Егіс жұмыстарын жаппай бастау алдында 100%-ға дайын болады", - деп атап өтті вице-министр.