Көктемгі егіс науқанына 419 мың тонна дизель отыны бөлінді

396

Былтыр бұл көрсеткіш 400 мың тонна дизотынды құраған.

Көктемгі егіс науқанына 419 мың тонна дизель отыны бөлінді Фото: inbusiness.kz

Биыл көктемгі егіс жұмыстарына 419 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында  Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігімен, әкімдіктермен және "ҚазМұнайГаз"-бен бірлесіп, отынды біркелкі жеткізу графигі дайындалғанын жеткізді. Өткен жылы айына 20 мың тоннадан 152 мың тоннаға дейін ауытқыса, осы жылы айына 81 мың тоннадан 117 мың тоннаға дейін біркелкі жеткізілді, деп атап өтті ол.

Министрдің сөзінше, бұл график жанармай құю станцияларына көбірек дизель отынын жіберуге мүмкіндік берді. 

"Егіншілер үшін дизель отынының бағасы бір тонна үшін 222 мың теңге немесе 1 литр үшін 184 теңгені құрайды. Егер дизель отынын жеткізу бойынша операторлардың шығыстарын ескеретін болсақ, онда егіншілерге жеткізу кезіндегі орташа баға 1 литр үшін 204 теңге болады. Бұл автожанармай құю станциясындағы бағадан 31 пайызға төмен", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу