Энергетика министрі Болат Ақшолақов көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген бағамен 413 мың тонна дизель отыны нарықтық бағадан 15-20%-ға төмен бөлінгенін хабарлады.
"Мұнай өңдеу зауыттары үшін жанармай өндірудің тиісті кестесі бекітіліп, оны тасымалдаудың ашықтығын қамтамасыз ету шаралары қабылданды. Бұл мәселе Энергетика министрлігі мен "ҚазМұнайГаз" компаниясының тұрақты бақылауында", – деді министр.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, жеңілдікті дизель отынын бөлу жұмыстары да ерекше бақылауда болуы тиіс.
"Алып-сату мен қолдан жасалған тапшылыққа жол бермеу керек. Бөлінген дизель отынын басқа жаққа "жасырын сататын" операторларға барынша қатаң шара қолдану керек", — деді Әлихан Смайылов.