Көктемгі егіс жұмысына арналған дизель отынының бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұған дейін "арзандатылған" жанар жағармайдың бір тоннасы 127 мың теңге болса, мамыр айында мұнай өңдеу зауытында оның бағасы 130 мың теңгеге дейін қымбаттауы ықтимал.
Демек, дизель отынының жаңа бағасы шамамен 107 теңге болады.
"Алайда бұл – зауыттағы баға, оны әлі аймақтарға жеткізу керек. Сонда жанар жағармайдың бағасы 123 теңгеден асып кетеді. Өйткені операторлар ол бағаға сан алуан шығынды, тіпті несиені жабуға қажетті қаражатты да кіргізіп қояды", – дейді фермерлер.
Дей тұрғанмен, жаңа бағаның қалай енгізілетіні белгісіз. Себебі дизель отынын жеткізу туралы келісімнің бәрі рәсімделіп қойған.
Автор: Айбек Құрмет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу