"Көктемгі мейірім апталығы" республикалық акциясы басталды

437

Бұл акция жыл сайын сәуір айының бірінші аптасында өткізіледі. 

"Көктемгі мейірім апталығы" республикалық акциясы басталды Фото: Studlive.by

Көктемгі мейірімділік апталығы – еліміздегі волонтерлік қозғалысты дамытуға және халықтың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған республикалық акция.

Акцияны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Ұлттық волонтерлер желісі" ЗТБ-мен бірлесіп ұйымдастыруда, деп жазады inbusiness.kz министрлікке сілтеме жасап.

Республикалық акция аясында бүкіл ел бойынша 20 өңірлік "Birgemiz" фронт-офистерінің, сондай-ақ волонтерлер ұйымдарының қатысуымен қария адамдарға, көпбалалы  отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, сондай-ақ ЗОО баспаналарға көмек көрсету, эко сенбіліктер, ағаш отырғызу және т.б. іс-шаралар жоспарланған.

"Көктемгі мейірім апталығы" – баршамызды елімізде болып жатқан әртүрлі жағдайларға бей-жай қарамауға шақырады. Біздің әрқайсымыз елдің дамуы мен өркендеуіне жолында өз үлесімізді қосуымыз керек", - деп атап өтті республикалық волонтерлер фронт-офисінде.

Волонтерлік акцияның жоспарымен Qaznolunteer.kz бірыңғай платформасында таныса аласыздар; немесе "Birgemiz" республикалық волонтерлер фронт-офисінің +7 708 706 42 42 нөміріне хабарласуға болады.

"Көктемгі мейірім апталығы" республикалық акциясы 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу