Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

1073

Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны басталды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Биыл көктемде әскер қатарына 1990-1999 жылғы 18 бен 27 жас аралығындағы 16 мыңнан астам азаматты шақыру жоспарланған.

Шақырылушы өзі әскери есепке алынған жердегі қорғаныс істері жөніндегі басқарма мен бөлімге баруы қажет. Жасақтау бұрынғы аймақтық қағидамен жүзеге асады. Яғни шақырылушы әскери қызметін өткеру үшін басқа аймаққа жіберіледі.

Әскер қатарына толықтырылатын жас азаматты іріктеу және әскери бөлімге таратып үлестіру кезінде оның шақырылымға дейін алған мамандығы ескеріледі. Шақыруды ұйымдастыру тәртібі мен медициналық куәландыру шаралары өткізу мәселелерін жедел түрде шешу үшін қорғаныс министрлігінде осы кезең аралығында арнайы "жедел желі" жұмыс істейді.

Жауапты лауазымды тұлғалар азаматтардың қызығушылығын тудырған сауалдарға жауап береді. Мына телефон нөмірлеріне хабарласып, кеңес алуға болады:8 (7172) 72-13-89 және 72-16-06.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу