Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев көктемгі су тасқынынан келген шығын бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жалпы алдын ала деректер бойынша 300 млрд теңгеден асқан болатын. Бірақ бұл нақты сан емес. Әлі де 1-1,5 ай керек. Бөгеттер салынып жатыр, қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Жолдар, құбырлар, плотиналар бар. Оларды қалпына келтірген соң нақты сома белгілі болады. Бұл үздіксіз процесс болғандықтан, оны бағалау қиын. Қазірдің өзінде 300 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды", - деді спикер Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Бозымбаев биылғы топан судан келген шығынның есебі жыл соңына дейін дайын болатынын айтты.
Айтуынша, инфрақұрылымға, үйлерді жөндеуге, өтемақы төлеуге 137 млрд теңге бюджет есебінен кеткенін айтты. Бұдан бөлек ірі отандық кәсіпкерлер 260 млрд теңге бөлгенін жеткізді.