Көктемнен бастап Ақтау – Горган бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

376

Рейстерді аптасына 2 рет, Embraer-145 әуе кемесімен орындау жоспарланып отыр.

Көктемнен бастап Ақтау – Горган бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Иранның Pouya Air авиакомпаниясы Қазақстанға шетелдік тасымалдаушыны аккредиттеу үшін индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің азаматтық авиация комитетіне өтініш берді, деп хабарлайды комитет.

2019 жылғы көктемгі-жазғы навигация кезеңінен бастап ирандық Royal Air компаниясы алғаш рет Ақтау – Горган бағыты бойынша тікелей халықаралық рейстерді орындауды жоспарлап отыр.

Рейстерді аптасына 2 рет Embraer-145 әуе кемесімен орындау жоспарланып отыр.

"Рейстердің ашылуы Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық қарым – қатынасты дамытуға, сондай-ақ Ақтау қаласының әуежайына жолаушылар ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу