"Көктөбе" мұнарасының маңында заңсыз полигон бар

681

Алматы қаласындағы "Көктөбе" мұнарасы түбіндегі ауыл маңында бірнеше қоқыс полигоны пайда болған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.  

"Көктөбе" мұнарасының маңында заңсыз полигон бар Фото: inbusiness.kz

Алматы аумағына қарайтын жердің тазалығына жергілікті әкімдік көптен назар салмаған. "Көктөбе" мұнарасының тура иек астында заңсыз құрылыс қалдықтарының полигоны бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қалдықтар бірнеше жылдан бері төгіліп келеді. Шашылған кірпіш сынықтарынан бастап, құрылыстан шыққан өзге қалдықтар төбенің астында бірнеше үйіндіге айналған.

Ал мұнараның астындағы "Көлсай" ауылының шығыс жотасында, "Көктөбе" мұнарасын ту сыртынан тамашалауға мүмкіндік беретін алаңқайдың айналасы тұрмыстық қалдықтар толы.

Әр жерде шашылған пластик бөтелкелердің сұлбасына қарап, олардың алды кемі 2-3 жыл, соңғысы 1-2 күн бұрынғы қоқыс екені білінеді.

"Көлсай" сайы тауда велосеруенді ұнататындардың жолы. Өйткені Көлсайдан біршама жоғарыда "Юннат" көлі бар. Осы көл арқылы бөктерлей "Бутаково" шатқалына велосипедпен асуға болады. "Юннат" көлінің айналасы соңғы жылдары қоқыстан арылмаған. Келушілер үшін қоқыс жәшігі де, отыратын орындықтар да қарастырылмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу