Бұл туралы Медеу аудандық ПБ ақпарат таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Төңіректі кинолог-инспектор қызметтік-ізкесуші итпен тексерді. Олар бұталардан екі мылтық тапты. Табылған затты тергеу-жедел тобы тәркілеп, қарудың шығу тегі мен иесін анықтау мақсатында сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланып, қылмыстық мақсатқа пайдаланылған болуы да мүмкін", – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Сонымен қатар полицияда заңсыз қару сақтаған азаматтарға оларды өз еркімен тапсыруға мүмкіндік берілетінін еске салды. Қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар, егер олардың қылмыс жасауға қатысы болмаса қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.