– 20 желтоқсаннан бастап "Көктөбе" телемұнарасының мультимедиялық жарықтандыруы күн сайын сағат 17:00-ден 01:00-ге дейін қосылады, ал 01:00-ден 05:00-ге дейін ғимараттың қасбеті негізгі жарықпен жарқырайды. Бұған дейін телемұнараның сәулеттік-көркем жарықтандыруы сағат 20:00-де қосылатын, – деп хабарлады қалалық әкімдіктен.
Қаланың басты символы әрі көрікті орны мерекелік жарық шамдармен безендіріледі.
Айта кетейік, биіктігі 370 метрден асатын телемұнара 185 TLOS-H прожекторы әртүрлі сәуле тарату бұрыштарымен жабдықталған. Сондай-ақ, құрылымның 10 деңгейін жарықтандыратын LED модульдері бар жарық сызықтарынан тұратын медиафасадпен қамтамасыз етілген.