Көктөбеде референдумға дейінгі уақытты көрсететін жарық инсталляциясы орнатылды

159

Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі жалпыұлттық референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді. 

Көктөбеде референдумға дейінгі уақытты көрсететін жарық инсталляциясы орнатылды Фото: Бейнежазбадан

Алматыдағы Көктөбе телемұнарасында жаңа жарық инсталляциясы пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Телемұнарада орнатылған арнайы таймерде маңызды оқиғаға дейін қанша уақыт қалғаны көрсетіліп тұрады. 

Кешкі және түнгі уақытта мұнарада жарқын тақырыптық жарық шамдары қосылады: мемлекеттік рәміздер, ұлттық ою-өрнектер, референдум өтетін күн – 15 наурыз, сондай-ақ қалған күндер саны бейнеленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу