"Келген бойда алдын ала болжам бойынша 3 га алаңда тау баурайы учаскелерінің жанып жатқаны анықталды. Қаланың өзара іс-қимыл қызметтерінің күштері мен құралдары дереу ұлғайтылды. Сөндіру күрделі рельефпен, желдің күшеюімен және күннің қараңғы уақытымен қиындады.
Қабылданған жедел шаралармен сағат 20:22-де толық оқшаулауға қол жеткізілді. Сағат 20:35-де өрт толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.
Көктөбе саябағы мен қоғамдық тамақтану орындарынан адамдар эвакуацияланды.