Көктөбедегі өрт кезінде табылған мәйіттің кім екендігі анықталып жатыр

1638

Көктөбедегі дала өрті 10 гектар аумақты шарпыды.

Көктөбедегі өрт кезінде табылған мәйіттің кім екендігі анықталып жатыр

Алматы полициясы Көктөбедегі өрт кезінде табылған мүрде туралы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазір полиция адам өліміне қатысты тіркелген сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында қаза болған адамның кім екенін анықтап жатыр.

Осы мақсатта сот медициналық сараптама, басқа да зерттеулер тағайындалды.

Бұл зерттеулердің нәтижесінде адамның неден өлгені анықталады", – деді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, Көктөбе тауындағы құрғақ шөп кеше өртенген болатын. Төтенше жағдайды ауыздықтау үшін тікұшақтар іске қосылды. Тілсіз жау 10 гектар аумақты шарпыды.

Кейін оқиға орнына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев барған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу