Енді "Көктөбеге" баспалдақпен шығуға болады

181

Бұған дейін "Көктөбеге" дейін жаяу жету қауіпті болатын. Себебі жолдың бойымен жүруге тура келетін.   

Енді "Көктөбеге" баспалдақпен шығуға болады Фото: t.me/almaty_akimat

Енді ұзындығы 1,2 шақырым болатын "денсаулық соқпағы" салынған соң бұл мәселе шешілді.

Алматы тұрғындары мен қонақтары "Көктөбе" саябағындағы жаңа жаяу жүргіншілер соқпағын жоғары бағалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

 

Жол жарықтандыру, бейнебақылау, орындықтар және қоқыс жәшіктерімен жабдықталған.

Сондай-ақ, тау көрінісін тамашалауға арналған шолу алаңдары қарастырылған, оларды көркейту жұмыстары 1 мамырға дейін аяқталады.

Алматының басты көрікті жерінің бірі "Көктөбе" саябағына жыл сайын 600 мыңнан астам адам барады.

Саябаққа 1 620 метрлік аспалы жол арқылы да жетуге болады, онда 17 кабина қатынайды. Жол жүруге 6 минут керек, осы уақытта жолаушылар жол-жөнекей көркі көз тартатын әсем көріністі көре алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу