"Қоқыс коллапсы": Ақтөбеде қоқыс тасумен айналысатын компания қызметін тоқтатты

376

Ақтөбенің қоқысы бірнеше жылдан бері күрмеуі шешілмеген проблемаға айналды. 

"Қоқыс коллапсы": Ақтөбеде қоқыс тасумен айналысатын компания қызметін тоқтатты Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ауласындағы тұрмыстық қатты қалдықтар толы контейнер  апталап алынбайтынын айтқан тұрғындар да көп. Бүгінде шаһардағы қоқыс тасумен айналысатын 3 компанияның бірі қызметін тоқтатса, қалған екеуі өз міндеттерін толық деңгейде атқара алмай отыр.

Қала әкімдігі  мәселені шешу үшін осыдан 6 жыл бұрын жабылып қалған бұрынғы “Таза қала” мекемесі сияқты қаланың өз коммуналдық мекемесін қайта құруды қолға алды. Одан бөлек, қаланың өзіне 50 коммуналдық техника сатып алды. Қоқыс шығаратын көліктер енді қызметін бастайды.

Айта кеткен жөн, шілде айынан бастап  Ақтөбеде қоқысқа төлейтін тариф екі есе қымбаттаған болатын. Тазалық компаниясындағылар  қалада   ел бойынша ең төменгі тариф, сондықтан өсіруге ұсыныс тастаған еді.

Жаңа тариф бойынша  көп қабатты үйде тұратындар адам басына 417, ал жеке тұрғын үйдегілер  450 теңге төлейтін болады.  Әкімдіктегілер  қалада 600 мыңға тарта абонент болса, соның 40 пайызы қоқыс шығарғаны үшін ақша төлемейтінін алға тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу