Қоқыс тастаған астаналықтарға "Сергек" арқылы айыппұл салынады

499

Бұдан былай Астанада рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастайтындарды "Сергек"  анықтайды.  

Қоқыс тастаған астаналықтарға "Сергек" арқылы айыппұл салынады Фото: gov.kz

Қала әкімдігі мен  табиғатты қорғау полициясы мұндай әрекетке баратындармен қырағы көзді камералар арқылы күресуге білек сыбана кіріспек, деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы.

Себебі, құрылыс компаниялары мен тұрғындар жөндеуден қалған қоқысты қала шетіне  белгіленбеген аумаққа лақтыра беретін болған. Тек соңғы 2 айда қоршаған ортаны ластап, абаттандыру ережелерін бұзғандарға 50 млн теңгеден астам айыппұл салыныпты. Заңсыздыққа барғандардың ішінде 15 құрылыс компаниясы бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу