Қоқыс төккіштер есебінен 2 млн теңге жиналды

752

Қоқыс төккіштер есебінен 2 млн теңге жиналды

Рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккендерге айыппұл салынады. Астана әкімдігі ЭКСПО қарсаңында шаһардағы тазалықты сақтау үшін осындай ұйғарым шығарып отыр.

Бүгіннен бастап, жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау инспекторлары тазалық бұзғандарды анықтауға кірісуі тиіс. Әсіресе, заңсыз полигон жасап, үй алдына қалдық үйгендер мен лас су төккендерге жаза қатты.

Инспекторлардың айтуынша, жыл басынан аумақтарда абаттандыру қағидаларын бұзып, инфрақұрылым нысандарын бүлдірген және рұқсат етілмеген жерге қар, қоқыс төккен 95 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Тазалықты бұзғандарға 20 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 45 мың теңгеден жоғары айыппұл салынады. Әзірге қоқыс төккіштер есебінен қазынаға 2 млн теңге түсіпті.

Автор: Құралай Пионер

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу