"Қоқысқа батып жатырмыз": Мәжіліс депутаты мәселе көтерді

148

Салада қордаланған мәселелер баршылық.

"Қоқысқа батып жатырмыз": Мәжіліс депутаты мәселе көтерді Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау қоқыстарды қайта өңдеу мәселесіне қатысты мәселе көтерді , деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

"Біз тамақтың қалдығын үйде бөлек жинаймыз. Қалған қатты қалдықтарды жеке жинаймын. Біздің үйдің алдында, қаланың қақ ортасында екі бөлек контейнер тұрған. Біреуі тамақтың қалдықтарына, екіншісі тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған. Бір күні таңертең қоқысты шығаруға шыққан балам сол контейнердің бір көлікке тиелгенін байқап қалады. Егер оны бір көлік алып кетіп, қаланың сыртына қайтадан төгетін болса, онда біз қоқысты неге бөлек жинаймыз? Енді қараңыз, сол бір май тамған қағаз қайта өңдеуге жатпайды. Біз осыған қаражат бөліп, деңгейін көтеруіміз керек", – деді депутат Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде.  

Депутат таяуда елорда маңындағы барлық қоқыс орындарын аралап шыққанын жазды. 

"Қаланың дәл қасында сіздерде тіркелмеген қоқыс бар. Қазақстанның басқа жерлеріндегі қоқысты айтпай-ақ қояйықшы, елорданың өзінің маңында қоқысқа батып жатырмыз. Соған не істейсіздер? Жұмыстар істелініп жатқан шығар, түсінемін", – деп атап өтті Нұргүл Тау.

Оның айтуынша, қалдықтарды бөлек жинау жаңа бизнестің ашылуына жол ашады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу