Астанада бей-берекет қоқыс төккен 200-ге тарта жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 4 млн 300 мың теңгеге жуық, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігі.
"Астана – таза және қауіпсіз қала" акциясы аясында ІІД ЖПҚ қызметкерлерімен қоқыс қалдықтарын бей-берекет төгуге жол бермеуге бағытталған іс-шаралар жүргізіліп отырады. Осы мақсатта қоқыс қалдығы көп төгілетін жерлерге тексерістер жүргізілуде. Тұрғындар арасында әкімшілік заңнаманы бұзғаны үшін берілетін жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
Осы жылдың сәуір айында Астана қаласы ІІД ЖПҚ табиғатты қорғау полиция қызметкерлері Тельман ауданында "ГАЗ" маркалы автокөлік жүргізушісі белгіленбеген орында зәрнәжіс төккенін анықтап, "Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу…" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК (48 100 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Жалпы жыл басынан бері белгіленбеген орында қоқыс қалдықтарын, қар шығарып, лас сұйықтықты төккен 196 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 4 млн 300 мың теңгеге жуық.