Қоқысты қайта өңдейтін жаңа зауыттың құрылысы басталды

467

Жобаға тартылатын инвестиция көлемі 130 миллиард теңгеден асады.

Қоқысты қайта өңдейтін жаңа зауыттың құрылысы басталды Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Қоқысты қайта өңдейтін жаңа зауыт Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, электр қуатын өндіретін заманауи зауыттың құрылысына капсула салу рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды, "Junxin Environmental Protection" компаниясының төрағасы Дай Даого, мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастықтың және қоғам өкілдері қатысты.

Жоба "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, мегаполистің экологиялық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Болашақ зауыт тұрмыстық қалдықтарды өңдеумен қатар, электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді. Шаһар басшысы мұндай бастамалардың экологиялық ахуалды жақсартуға және қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті.

Ал компания өкілдері зауыттың "қалдықтан – ресурсқа" қағидатын тиімді жүзеге асыратын заманауи жобалардың біріне айналатынын жеткізді. Кәсіпорын тәулігіне шамамен 2 мың тонна қалдық өңдеп, 60 мегаваттқа дейін электр қуатын өндіре алады.

Жобаға тартылатын инвестиция көлемі 130 миллиард теңгеден асады. Зауыт халықаралық стандарттар мен заманауи экологиялық талаптарға толық сәйкес жұмыс істейді.

 Жобаның жүзеге асуы полигондарға түсетін жүктемені азайтып, Алматыдағы қалдықтарды кәдеге жарату жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу