Қоқысты заңсыз тастайтындармен күрес күшейтіледі

1592

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма жүктеді.  

Қоқысты заңсыз тастайтындармен күрес күшейтіледі

"Елордадағы күрделі проблемалардың бірі қоқыстарды жинаудың заңсыз орындары болып отыр. Өте маңызды мәселе. Елорданың төңірегі немесе Ақмола облысының таяу жатқан аумағы құрылыс қоқыстарын жинаудың негізгі орнына айналған", – деді Президент.   

Мұндай проблеманың бары рас. Бүгінде еліміздегі полигондарда 43 млрд тоннадан астам қоқыс жинаған. 43 млн емес млрд. Бұл дегеніміз еліміз қалдықтардың астында қалудың аз-ақ алдында тұр деген сөз. Оның үстіне жыл сайын 5-6 млн тонна қоқыс қосылатыны тағы бар. Қалдықтар жиналып жатыр, ал өңделуі мардымсыз. Тек 9 пайызы ғана өңделуде.  Егер тұрмыстық қатты қалдықтар барынша жылдам жөнге келтірілмесе еліміз қоқыстың астында қалуы мүмкін. Түйткілдің түйінін қалай тарқатуға болады ? Оны студиямызға келген қонақтардан сұрап көрейін. Эколог Мұсағали Дуамбеков және Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері бірыңғай операторының өкілі Жомарт Рақымжан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу