Қоқысты жинау ұзақ уақытты алды: Алматы әкімдігі мерекеден кейінгі шаһар келбетін көрсетті

392

Қаладан екі күнде 520 м3 қоқыс шығарылған.

Қоқысты жинау ұзақ уақытты алды: Алматы әкімдігі мерекеден кейінгі шаһар келбетін көрсетті Фото: Алматы әкімдігі

17 қыркүйекте Алматының тұрғындары мен қонақтары Қала күнін кең көлемде атап өтті. Қала әкімдігі аталған іс-шаралардан кейінгі коммуналдық қызметтердің жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Алматы Тазалық" мамандары мереке күндерінен соң әрдайым жұмыс көп болатынын айтты. Көбірек тазалау керек болады және жинау ұзақ уақытқа созылады.

"Осы мереке күндері қаланы 596 техника мен 1246 жол қызметкері жинап, екі күнде 520 м3 қоқыс шығарды", делінген хабарламада.

Бір қызығы, мереке кезінде Алматыда әлемдегі ең үлкен рубик текшелерінің мозаикасы орнатылды. Мозаика 5040 текшеден құрастырылып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл рекорд әлемдік Рекордтар кітабының өкілі мен әкім Ерболат Досаевтың қатысуымен ресми түрде тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу