"Көкжайлау" курортына 200 милионнан астам қаражат жұмсалып кеткен

1123

Қомақты қаржы жергілікті бюджеттен 2017-2018 жылдары бөлініп, жобалау жұмыстары үшін төленіпті.  

"Көкжайлау" курортына 200 милионнан астам қаражат жұмсалып кеткен

Құрылысы басталмай жатып тоқтатылған Көкжайлау курортына Алматы әкімдігі 214 млн 700 мың теңге жұмсап қойған. Қомақты қаржы жергілікті бюджеттен 2017-2018 жылдары бөлініп, жобалау жұмыстары үшін төленіпті.

Техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттама әзірленгенмен құрылыс жалғаспағаны белгілі. Жобаны одан ары жалғастыруға Президенттің өзі тыйым салды. Содан бері шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев Көкжайлауды "Іле-Алатау" Ұлттық паркінің құрамына енгізумен айналысуда.

Еске салайық, курортты аймақты салуға бастапқыда 200 млн доллар жұмсалатыны айтылған болатын. Ал құрылыс жұмыстары биыл аяқталуы керек болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу