"Көкжайлау" тау-шаңғы курортын салуға жер бөлінеді

941

Оның жалпы аумағы – 134,4 гектар.

"Көкжайлау" тау-шаңғы курортын салуға жер бөлінеді

Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің аумағындағы 5 жер телімі мемлекеттік байқау арқылы жалға беріледі. Бұл туралы Ұлттық табиғи парк директорының орынбасары Дархан Исабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның сөзінше жалға берілетін жер телімдерінің төртеуі "Көкжайлау" тау шаңғысы курорты құрылысына арналған. Оның жалпы аумағы – 134,4 гектар.

Демалыс орнындағы жер теліміне қатысты тендерлік комиссия алдағы 15 күн ішінде құжаттарының дұрыс-бұрыстығын тексереді. Содан кейін олардың қанша мерзімге жалға берілетіні туралы шешім шығарылады. Жоба 3 жылда аяқталуға тиіс.

Мамандар флора мен фаунаға зиян келмеуіне көңіл бөлеміз деп отыр.

Айта кетейік, "Көкжайлау" курортына қарасты 134,4 гектар аумақтың 17 гектары автомобиль жолдарына, 5,8 гектары су бөгетіне, 67 гектары шаңғы трассасына және 0,1 гектары аспалы жолға бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу