"Көкжайлау" тау шаңғысы жобасынан бас тартылды

731

Жер телімі жеңілдетілген тәртіппен, шығынсыз кері қайтарылады. 

"Көкжайлау" тау шаңғысы жобасынан бас тартылды

Мәжілісте экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев Щучье-Бурабай курорттық аумағын дамыту үшін бөлінген 370 гектар жердің 260 гектары игерілгенін, қалған 110 гектар жер ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрамына қайтарылатынын мәлімдеді. 

Вице-министр "Көкжайлау" тау шаңғысы жобасынан бас тартылуына байланысты осыған дейін жобаны жүзеге асыруға бөлінген жер телімі де  кері қайтарылатынын айтты.  

"Қала әкімдігі жер аумақтарын қайтаруға келісіп отыр. Осыған орай заң арқылы жер телімі жеңілдетілген тәртіппен, ешқандай шығынсыз қайтарылады. Парктердің аумағына ешқандай өзгеріс енгізілмейді", – деді Ерлан Нысанбаев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу