"Көкжайлауға" баратын жол үшін 2200 ағаш кесіледі

213

Құрылыс жұмыстарының жалпы құны 38,2 миллиард теңгені құрайды.    

"Көкжайлауға" баратын жол үшін 2200 ағаш кесіледі Фото: gorny-club.kz

Алматы қаласында болашақ "Көкжайлау" тау шаңғысы кешеніне апаратын жол құрылысы үшін шамамен 2,2 мың ағашты кесу және 15 жер телімін мемлекет мұқтажы үшін алу жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ArbatMedia-ға сілтеме жасап.

Жобалық құжаттамаға сәйкес, тау шаңғысы кешеніне баратын автожол ұзындығы 6,2 шақырым болатын екі жолақты трасса ретінде салынбақ.

Жоба аясында сегіз көпір өткелі мен 21 су өткізу құбыры салу көзделген. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 3,3 шақырым болатын тіреуіш (қорғаныс) қабырғаларын тұрғызу жоспарланған.

Мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер телімдері Көкшоқы шағын ауданында орналасқан. Оларды босату тау шаңғысы курортына баратын көлік жолын салу үшін қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу