Көкжиде кен орнындағы ауыз су қоры мұнаймен ластанып жатыр

2140

Көкжиде кен орнындағы  ауыз су қоры мұнаймен ластанып жатыр

Ақтөбеде Көкжиде кен орнындағы ауыз су қоры мұнаймен ластанып жатыр. Табиғат қорғаушылары энергетика министрлігіне мұнай өндіруді тоқтатуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Көкжиде кен орнындағы жерасты суын 2009 жылдан бері бақылап отыр. Қазіргі кезде бұл кен орнында 7 мұнай өндіруші компания бар. "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ, "КМК Мұнай" ЖШС, "АдаОйл" ЖШС мұнай өндіру жұмыстарымен айналысса, өзгесі барлау жүргізіп жатыр.

"Барлау, мұнай бұрғылау жұмыстары жүріп жатқан кен орындарының жанында 17 ұңғыма бар. Осы ұңғымалар арқылы ауыз су құрамы тексеріледі. Жылына үш рет тексерілген кезде ауыз судың ластануы тіркеліп отыр. Биыл "КМК Мұнай" компаниясының аумағында, Ұрықтау кен орнында судың ластануы тіркелді",  - деді Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Аққұл.

Айта кетейік, облыстық басқарма энергетика басқармасына Көкжиде кен орнындағы ауыз су қорын ластайтын ұңғыма жұмысын тоқтату туралы ұсыныс берді. Сонымен қатар, ауыз су құрамын тексеру жұмысын орталықтандыруды ұсынды.

Негізі Көкжиде кен орнын игеріп жатқан мұнай компаниялары ұзақмерзімді келісімшарт бойынша жұмыс істеп жатыр. Әзірге ешқайсысының келісімшарты алдағы 10 жылда аяқталмайды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу