Қол астындағы қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген: ІІМ комитетінің экс-басшысы сотталды

636

Үкім жабық режимде шығарылды.

Қол астындағы қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген: ІІМ комитетінің экс-басшысы сотталды Фото: gov.kz

ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің бұрынғы төрағасы Данияр Мейірхан жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу дерегі бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтары, нотариус куәландырған хат алмасулар және маманның қорытындысының негізінде дәлелденді.

19 қарашада Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Данияр Мейірханды Қылмыстық кодекстің 123-бабының 1-бөлігі – "Жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеу" бойынша кінәлі деп таныды.

Сот оған 1500 АЕК (2026 жылы 6 487 500 теңге) көлемінде айыппұл салды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұл оқиға 2026 жылғы сәуірде әлеуметтік желілерде Данияр Мейірханға қатысты қызметкерлердің шағымдары туралы ақпарат тарағаннан кейін жария болды. 

8 сәуірде Данияр Мейірханның 2025 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келген Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы қызметінен шеттетілді. ІІМ оған қатысты әріптестерінің шағымы бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ал, 13 мамырда Данияр Мейірханға қатысты сталкинг дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу