Жапонияның қайта құру мәселелері жөніндегі парламенттік вице-министрі Сюнсуке Мутаи өткен жылы қол астындағы қызметкерінің арқасына шығып алғаны, оған қоса әзілдегені үшін қызметінен айрылды деп хабарлады жұма күні жапондық БАҚ.
Өткен сәрсенбіде өткен қайырымдылық кешінде Сюнсуке Мутаи "аяқ киім индустриясы (осы жағдайдан кейін – ескерп.) табыс түсірді" деп әзілдеді. Осы сөзі үшін ол келесі күні министрлер кабинетінің бас хатшысы Йосихиде Сугидің сынына ұшырап, қызметтен шығуға мәжбүр болды.
Былтыр Сюнсуке Мутаи күшті тайфуннан зардап шеккен Иваизуми кентіне сапар шеккен болатын. Саясаткердің айтуынша, ол етігін ұмытып кетіп, қол астындағы қызметкерін суға батқан жерлерден арқалап өткізуін сұрапты.
Бұл жағдай теледидарда көрсетіліп, Сюнсуке Мутаидың әрекеті жаппай сынға алынды.