Қол астындағыларға ұлының оқу ақысын төлеткен шенеунік сотталды

243

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қол астындағыларға ұлының оқу ақысын төлеткен шенеунік сотталды Фото: facebook.com/dinmuhamed.absattarov

Ол бизнес өкілдеріне ұлының оқуына 1,4 млн теңге сомасында ақы төлетіп, құны 6,8 млн теңге дизель отынын беруге мәжбүрлеген. Дінмұхаммед Әбсаттаров заңсыз нұсқаулар беріп, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұдан бөлек, шенеунік өңір кәсіпорындарының сұйытылған газдың тиісті көлемін алу құқығын шектеп, бизнес субъектілеріне 26,9 млн теңге сомасында залал келтірген. Осылайша ол заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасағаны үшін де сотталды.

“Әбсаттаров мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына және 9 ай бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ мемлекеттік награда "Ерен еңбегі үшін" медалінен айыру туралы ұсыныс енгізілді”, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу