Қоластындағыларға үйін салғызған бұрынғы вице-министр 5 жылға сотталды

419

Қазақстанның бұрынғы Төтенше жағдай жөніндегі вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Қоластындағыларға үйін салғызған бұрынғы вице-министр 5 жылға сотталды Фото: kaz.orda.kz

Экс-шенеунік Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылығына жеке үйінің құрылысына әскери қызметкерлер мен арнайы техника тартуды тапсырған.

Сот Ибрагим Күлшімбаевты қызметтік лауазымын асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, оны 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сот Президенттің атына айыпталушыны "генерал-майор" әскери атағынан айыру туралы ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдады.

Ибрашим Күлшімбаев өткен жылдың ақпан айында Түркияда болған жер сілкінісінің салдарын жоюға аттанған қазақстандық құтқарушылар тобын басқарған еді.

Ол баспасөз мәслихатында 9 балдық жер сілкінісі кезінде Алматыдағы тұрғын үйлердің үштен бірі қирап қалуы мүмкін екенін айтты.

Ибрагим Күлшімбаев 2020 жылы вице-министр лауазымына тағайындалып, 2023 жылы қызметінен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу