Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс бойынша үкім жарияланды. Істі жүргізген судья Зарема Хамидуллина не себепті ең қатаң жаза тағайындалғанын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Судья Зарема Хамидуллина үкім оқылғаннан кейін марқұм Янадан сүйектері ғана қалғанын бейнелейтін кадрларды көрсетті.
"Янадан не қалғанын көріңіздер. Төменгі жақ сүйегі, қолдары, аяқтары, жамбас бөлігі жоқ. Оның денесі жануарларға жем болған. Денесінің қалған бөлігі қайда? Сол себепті сот сіздерге ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген ең қатаң жаза тағайындады", – деді судья айыпталушыларға.


Екі сотталушының қорғаушылары сот процесінде тергеу нәтижелерін даулауға тырысқан болатын.
"Сіздер оның есірткі қолданғанын, ішімдік ішкенін айттыңыздар. Алайда оған ешқандай дәлел жоқ. Хат алмасулардан оның жай ғана жақсы көргенін және жылулық іздегенін байқауға болады", – деді Зарема Хамидуллина.
Айта кету керек, бұған дейін Атырауда Яна Легкодимованы өлтіргендер өмір бойына сотталғанын жазғанбыз.