Соңғы уақытта әлеуеттік желіде тараған қол шамы түріндегі бомбаларға қатысты хабарлама шындыққа жанаспайды, деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.
"Әлеуметтік желіде қол шамына жасырынған бомбалардың көшелерде тасталғандығы туралы ақпарат таралуда. Белгісіз адам ресми дереккөзге сүйене отырып, қол шамдарының жарылу қаупі бар элементтермен жабдықталғанын айтуда. Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдейді. Арандатушылар анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасына Алмас Садубаев. Сонымен қатар ол Қазақстан азаматтарын дүрбелеңге түспеуге және қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтап, көшедегі, қоғамдық көлік пен адамдар көп жиналатын орындағы күдік тудырған адамдар мен заттар жайында полицияға жедел хабар беруге шақырады.