Көл тартылып, малға өріс тарылды

521

Арыс қаласына қарасты Аққала ауылында төрт түліктің өрісі тарылып, жаппай балық қырылып жатыр. 

Көл тартылып, малға өріс тарылды Фото: Ашық дереккөзден

Түркістан облысында кәсіпкерлер жайылымды жерлерді жыртып, егін егіп, табиғатқа тағылық жасап отыр. Соның салдарынан Арыс қаласына қарасты Аққала ауылында төрт түліктің өрісі тарылып, жаппай балық қырылып жатыр.

Себебі, жерге заңсыз соқа салғандар егіндерін сол маңдағы "Ешкілі" көлі арқылы суғарған. Өз кезегінде көлде су деңгейі төмендеп, балыққа қажетті оттегі жетпей қалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу