Бірқатар автомобиль жолдарының жабылуына байланысты ҚТЖ электр пойыздарында қосымша шамамен 320 орын ұйымдастырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
30 желтоқсанда ұлттық тасымалдаушы төмендегі бағыттар бойынша 320-дан астам жолаушыны қосымша тасымалдады:
- Шідерті станциясынан Астанаға №7509 пойызымен – 43 жолаушы;
- Ерейментау станциясынан Астанаға №7509 пойызымен – 24 жолаушы;
- Астана станциясынан Павлодарға №7502 пойызымен – 50 жолаушы;
- Көкшетау станциясынан Астанаға №6830 пойызымен – 28 жолаушы;
- Бурабай курорты станциясынан Астанаға №6830 пойызымен – 16 жолаушы;
- Қарағанды станциясынан Астанаға №7553 пойызымен – 13 жолаушы;
- Астанадан Қарағандыға №6858 пойызымен – 49 жолаушы;
- Макинка станциясынан Астанаға №6830 пойызымен – 7 жолаушы;
- Ақкөл станциясынан Астанаға №6830 пойызымен – 6 жолаушы;
- Аршалы станциясынан Астанаға №7553 пойызымен – 7 жолаушы;
- Қарағанды станциясынан Астанаға №7556 пойызымен – 65 жолаушы;
- Көкшетау станциясынан Астанаға №7508 пойызымен – 15 жолаушы.
Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу