Қолайсыз ауа райын ескермей, тауға шығатын туристер жауапқа тартылмақ

519

Тиісті заңға түзету жыл соңына дейін енгізу көзделіп отыр.  

Қолайсыз ауа райын ескермей, тауға шығатын туристер жауапқа тартылмақ Фото: kazgazeta.kz

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына қарамастан тауға шығып кеткен туристер жазаға тартылуы мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдай бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, себебі таудағы туристерді іздеуге көп уақыт пен күш кетеді.

"ТЖД-да туристер қайда кеткені туралы ақпарат болмайды. Оларды іздеуге көп ресурс пен уақыт кетеді. Таулы жерде, яғни төмен температурада, нөсерде және тағы басқа жағдайда адамның өміріне қауіп төнеді. Осыған байланысты біз "Туристік қызмет туралы" заңға ТЖД-ға туристердің маршруттары туралы ақпарат беру қағидасын бекіту жөнінде түзету енгізгіміз келеді. Болашақта белгілеген талаптарды сақтамаған туристерді жауапқа тартамыз. Біз заңға осындай өзгеріс енгізуді жоспарлап отырмыз", - деді Ибрагим Күлшімбаев ОСК-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бірінші вице-министр заңға түзету жыл соңына дейін енгізілетінін атап өтті.

"Қазір боранға және полицияның ескертуіне қарамастан жолға шығып кеткен жүргізушілер жауапқа тартылып жатыр. Мен бұл туралы айттым. Биыл осындай 8 жүргізушіні жауапқа тарттық. Оларға 30 АЕК (103 500 теңге, 1 АЕК – 3 450 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Заң жобасын жылдың аяғына дейін қарастырамыз",  - деді министрдің орынбасары баспасөз мәслихатынан соң.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу