Қолайсыз ауа-райында ұзақ жолға шыққандар жауапкершілікке тартыла ма?

878

Ауа-райының қолайсыздығына, жолдардың жабық болуына қарамастан жолға шыққандарға осы қыста айыппұл салынбайды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты.  

Қолайсыз ауа-райында ұзақ жолға шыққандар жауапкершілікке тартыла ма?

Айта кетейік, бұған дейін ведомство құтқару қызметінің ескертулеріне қарамастан алыс жолға шығып жатқан қазақстандықтарға айыппұл салуды ұсынып отырғаны хабарланған.

"Адамдарға ешқандай әкімшілік шара қолданылмайды. Біз оларды қандай жағдайда да құтқарамыз. Иә, болашақта белгіленген ережелерді бұзушыларға қатысты жауапкершілік мәселесін қарау керек. Бірақ ол қашан болатыны белгісіз", – деді берді Юрий Ильин.

Бұған дейін хабарланғандай, жыл басынан бері құтқарушылар қар құрсауынан 4,5 мыңнан астам адамды, оның ішінде 414 баланы құтқарды. Бір жарым мыңнан астам техника шығарылды. Жылыту және тамақтану пункттерінің жұмысы ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу