Қоларбаға таңылған жан демалыс орнын ашты

929

Қоларбаға таңылған жан демалыс орнын ашты

Алматы облысында қоларбаға таңылған мүгедек жан Үштөбе қаласында жазғы демалыс орнын ашып, кәсібін кеңейтті. Шатырлық мейрамхана - 150 адамға арналған. Мұнда 15 жұмысшы еңбекпен қамтылып отыр. Олар келген жұртшылыққа қызмет көрсетпек.

Жас кәсіпкер Бауыржан Жалдыбаев осыған дейін "Даму-көмек" арқылы 8 млн теңге несие алып, дүкен ашқан болатын. Ісін ілгерілетіп, енді міне, осы шаруаны қолға алды. Меймандардың демалып қайтуына бар жағдайды жасаймыз, - дейді ол.

Айта кетейік, Бауыржан осыдан, 7 жыл бұрын поъезд астына түсіп, қос аяғынан айрылған болатын. Апаттан кейін өмірге бейімделу қаншалықты қиын болса да, ол тағдырдың жазуына мойымай, қайта жігерін жігер қосып келеді.

Бауыржан Жалдыбаев, кәсіпкер: "Мен мүмкіндігі шектеулі жандар еш мойымай, үлкен мақсатқа талпынғанын қалаймын. Себебі, қандай жағдай болмасын, тағдырға кінә артпай тек алға басуы керек. Міне, осы мақсатта кәсіпкерлікті қолға алдым".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу