Қолдан жасалған өкпені жасанды желдету аппаратын пайдалануға болмайды

1602

Сау адамдар науқас адамдардың денсаулығына қауіп төндіріп жатыр. 

Қолдан жасалған өкпені жасанды желдету аппаратын пайдалануға болмайды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой маңызды мәлімдеме жасады. Ол сау адамдар жанашырлық танытамыз деп науқас адамдардың денсаулығына қауіп төндіріп жатқанына назар аударды.  

"Әлеуметтік желілердегі азаматтардың өз қолдарымен жасап алуға тырысып жатқан әрқилы тәсілдерін көріп отырмыз. Олар түрлі құралдар арқылы тыныс алу қызметін жақсартуға тырысады. Қолдан жасалған құрылғыны интернеттен көріп алып, үйлерінде өзінше ем алу үшін жасап алады. Бұл ретте, барынша сақтық таныту қажет", – деді Алексей Цой.

Министрдің сөзінше, қолдан жасалған аппаратқа құйылатын сұйықтық таза болмаса, онда өкпе түрлі бактериялармен зақымданады. 

"Қолдан жасалған құрылғыларға барынша сақтықпен қараған жөн. Аурудың асқынуына алып келуі мүмкін тәуекел барлық уақытта болады. Өкінішке қарай, мұндай фактілер тек бізде ғана орын алып отырған жоқ. Сондықтан азаматтарымызды сақтандыруымыз керек", – деді Алексей Цой.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу