Орал қаласында қолдан жасалған ұшу аппараты апатқа ұшырап, ер адам қаза тапты. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының ТЖ жөніндегі департаментінің баспасөз хатшысы хабарлады.
Ресми дерек бойынша, апат 28 тамыз күні сағат 08:30-да болған.
"Казинское" деп аталатын бағбандық серіктестігінің маңында қолдан жасалған бір орындық ұшу аппараты құлады. Оның иесі - 1951 жылы дүниеге келген азамат Ерошенко. Ол сол бойда ажал құшты", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.
Апат болған жерге 18 құтқарушы мен 4 техника жіберілген.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу