Талғат Қалиев 1973 жылы СҚО, Ақжар ауданы, Бостандық ауылында дүниеге келген.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы "Бостандық" мекемесінде қауіпсіздік техникасы бойынша инженер болып бастаған.
2000-2004 жж. "Новое поколение" ЖШС-нде газеттің меншікті тілшісі, тілшілер бөлімінің бастығы, бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді.
2004-2006 жж. "Қазақстан" РТРК" АҚ – "Астана" телерадиоорталығы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясын, "Казтрансойл" АҚ баспасөз қызметін басқарды.
2006-2007 жж. – "Новое поколение" ЖШС бас редакторының орынбасары болып қызмет атқарды.
2007-2008 жж. – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасының орынбасары болды.
2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасындағы Елшілігінде кеңесші,
2008-2009 жж. – "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2009-2017 жж. "Еуразиялық перспективалық проблемаларды зерттеу орталығы" ЖШС-ін басқарды.
2017-2019 жж. "Жастар" ҒЗИ" ЖШС-нің директоры болды.
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесін басқарды.
27 мамырдан бастап – "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС директоры болып тағайындалды.