Бағдат Мусин министрлік мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін қызмет көрсету мерзімін қысқарту, eGov порталы мен халыққа қызмет көрсету орталығының қызмет көрсету сапасын бағалау, ахуалдық орталық арқылы сапаны "нашар" деп бағалаған азаматтармен кері байланыс орнату сынды шаралар атқарылып жатқанын айтты.
Оның сөзінше, былтыр Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесі 83 сағаттан астам, Бас прокуратураның ақпараттық жүйесі 60 сағаттан астам уақыт істен шыққан.
"Биыл соңғы 9 айда мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі 482 сағат жұмыс істемеді. Бүгінгі таңда Цифрлық трансформация орталығы мемлекеттік қызметтің проактивті түрде көрсетілуін, мобильді қосымша арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің санын ұлғайтуды қамтамасыз етіп, қолданысқа цифрлық құжат пен биометриялық қызмет енгізудің тың тәсілдерін қосып жатыр", – деді министр.
Қанат Махамбет