Қолданысқа "Екі реттеудің орнына бір реттеу" қағидаты енгізіледі

1052

Сенаттағы парламенттік тыңдауда ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бизнес ахуалды жақсарту, салық салу және несиелендірудің қолжетімділігін қамтамасыз етуді жетілдіру жұмысы  жалғасатынын жариялады. 

Қолданысқа "Екі реттеудің орнына бір реттеу" қағидаты енгізіледі

"Барлығын басынан бастап реттеу бизнес жүктемесін азайтуға ықпал етеді. Осы арқылы бизнестің жүктемесін азайтып, тиімсіз және ескірген талаптар қысқартылады. "Екі реттеудің орнына бір реттеу" қағидатын енгізу қолданыстағы екі реттеу талабының орнына бір жаңа реттеу талабымен алмастырады. Лицензиялар мен рұқсат беру шаралары да оңтайландырылады", – деді Руслан Дәленов.

Министрдің мәлімдеуінше, кәсіпкерлер мен бизнес-қауымдастықтың шағымдары бойынша мемлекеттік органдардың тиімсіз актілерінің күшін жою немесе қолданылуын тоқтата тұру "Реттеушілік апелляция" институтын енгізу арқылы жүргізіледі. 

"Талаптарды одан әрі автоматтандыру бизнестің есептілігін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Автоматтандырылмаған есептілік 2022 жылдың соңына дейін алынып тасталады. Жоспарлы тексерулердің баламасы ретінде кәсіпорындарды диагностикалау қолға алынады. Бұл арқылы жауапкершілікке тартпай, тексеру санын қысқарту көзделеді", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу