Қолданысқа мемлекет қаржысын бағалаудың тың тәсілі енгізіледі

684

Шоғырландырылған бюджетке бюджеттен тыс қорлар қосылады. 

Қолданысқа мемлекет қаржысын бағалаудың тың тәсілі енгізіледі

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов үкімет жаңа бюджет саясатын әзірлеуге ерекше назар аударатынын айтты. 

"Бюджеттік коэффициенттер мен ережелер, тиімділікті бағалау және бюджет саясатының тұрақтылығы жинағы әзірленеді. "Кеңейтілген бюджет" енгізу арқылы шоғырландырылған бюджетке бюджеттен тыс қорларды қосу жолымен мемлекеттік қаржыны кешенді бағалау енгізу жоспарланып отыр. Нәтижесінде бюджеттік жоспарлаудың жаңа тәсілдері мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі ұлттық басымдықтарды барынша толық жүзеге асыруды қамтамасыз етеді", – деді Әлихан Смайылов.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу