Қолданыстағы спутниктерді алмастыратын жаңа серіктер қашан іске қосылады?

361

2026 жылы KazEOSat-MR бойынша 3 спутник ұшырылады.

Қолданыстағы спутниктерді алмастыратын жаңа серіктер қашан іске қосылады? Фото: mapgroup.com.ua

Бұл туралы Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"KazEOSat-1 мен KazEOSat-2 кепілдігі бойынша 2021 жылға дейін болған. Бірақ техникалық инженерлер мұның бәрін қарап, олардың қолданылу уақытын осы жылдың соңына дейін ұзартқан. Біздің болжамға сәйкес, 2026-2027 жылдарға дейін қазіргі ұшып жүрген жер серіктеріміз жұмыс істеуі керек. Бірақ та, оларды ауыстыру қажет. Биыл біз KazEOSat-MR деген 3 спутникке контракт жасадық, ол 2026 жылы ұшуы керек. KazEOSat-1 – аса үлкен дәлдікпен істейтін спутник. Оны ауыстыру үшін құжаттарды дайындап жатырмыз", - деді ол. 

Сөзінше, келесі жылы тапсырыс беру жоспарланып отыр. 

"Қазіргі спутниктер істен шықпай тұрғанда оларды өзіміздің жер серіктерге ауыстыру бағытында жұмыс жүргізудеміз", - деп жалғастырды Баубек Оралмағамбетов. 

Айта кету керек, қаңтар айында депутат Екатерина Смышляева KazEOSat-MR спутниктерін құру жобасы тоқтап тұрғанын айтып, депутаттық сауал жолдаған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу