Қолданыстағы заңнаманың құқықтық қайшылығын жоятын заң қабылданды

868

Сенаторлардың назарына "ҚР кейбір заңнамалық актілерге атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы ұсынылды. 

Қолданыстағы заңнаманың құқықтық қайшылығын жоятын заң қабылданды

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев заң жобасы қолданыстағы заңнаманың құқықтық қайшылығын жоюды көздейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Құжаттың кейбір нормалары атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) қауіпсіздік жөніндегі халықаралық талабына сәйкестендіру қажет. Бұл үшін "Атом энергиясын пайдалану туралы" және "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" заң нормаларының терминологиясы мен ұғымдық аппаратын нақтыланады. Халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыру, сондай-ақ өкілеттіктердің қайталануын болдырмау мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілеттіктері мен функцияларын шектеу керек. Тексеруден өту рәсімдерін ырықтандыру мақсатында атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға аттестаттаудан қайта өту құқығы беріледі", – деді Нұрлан Ноғаев.

Таныстырылымнан кейінгі талқылаудан соң сенаторлар заң жобасы бірауыздан қабылдады.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу