Көлгінов кетті...

419

Оның орнына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова тағайындалды

Көлгінов кетті... Фото: gov.kz

Басынан дау арылмай қойған Астананың бұрынғы әкімі, премьер-министр орынбасары болған Алтай Көлгінов, ақыры, қызметінен босатылды. Оның орнына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Аптаның басында ғана Мәжілісте "қаланың сусыз қалғанына кінәлі емеспін" деп ақталған, Көлгінов. Ал сол күні, кешкісін Астананың шет-шетінде бір тамшы суға зар болған елордалықтар көшеге шығып, жолды жапты. Кеше қаланың жаңа әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдаған Президент бүгін таңертең Көлгіновті қызметінен кетірді. Бұл сәйкестік пе, әлде шенеуніктің Үкіметтегі мансабы осымен аяқталды ма? Ол жағы әзірге белгісіз.

"Бәрібір де қалай болсын әкім болды, вице-премьер болды халыққа танымал адам, иә. Сондықтан мемлекеттік істе, мемлекеттік саясатта алыста жүреді деп ойламаймын. Жұмысының нәтижесі бүгінгі Астананың жағдайы боп тұр. Судың жетіспеуі, ТЭЦ-тің салынбауы, ТЭЦ салынуы керек қой, сол үшін көптеген үйлер жылуыз отыр мысалы. Оның бәрі әрине ең бірінші әкім жауапты", - деді саясаткер Азаматхан Әміртай.

Алтай Сейдірұлы 2010 жылы Президент әкімшілігіндегі инспектор қызметінен кейін 2012 жылы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары боп тағайындалды. Одан кейін 3 жыл Орал қаласын басқарып, сосын облыс тізгінін қолына алды. Әкімдікте 3 жылдан кем отырмайтын Көлгінов 2019 жылы Оралдан Астанаға оралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу